Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері тыл еңбеккері мен соғыс ардагерін құттықтады

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері соғыс ардагері мен тыл еңбеккерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 мамыр – бұл мереке ғана емес, халықтың ерен еңбегімен келген еңбектің жемісі. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін үлгі ғана емес, бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.

Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді.

Ұлы Жеңіс күнін атап өтуге байланысты қызметкерлер бүгінде қатары сиреп қалған ардагердің бірі Наил Загидуллинге кұрмет көрсетү үшін Жарма ауданының Қалбатау ауылына арнайы кездесуге барды. Наил Гашигулович 1926 жылы 1 қаңтарда Кобалай ауылы Буин ауданы Татар Республикасында дүниеге келген. 1943 жылы 18 жасында майданға кетіп 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Жапон соғысына аттанып, тек 1950 жылы еліне оралған.

Ардагер майдан даласындағы кескілескен ұрыстар жайлы, соғыстан кейінгі қираған халық шаруашылығын көтеруге қатысқан жанқиярлық еңбектері туралы естеліктерімен бөлісті. Наил атамыз ІІ-ші дәрежелік Соғыс отандық медалімен марапатталған.

Жасы 96 келген ардагеріміз мекеме бастығына қазіргі кезде денсаулығы мен жасына қарамастан үй шаруашылығын әлі де өзі жүргізуге мүмкіндігі бар екендігін айтты.

– Осылай үйге келіп құттықтап, ыстық лебіздеріңіз бен сыйлықтарыңызға көп рақмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, – деп атамыз батасын берді.

Сондай-ақ қызметкерлер Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінде тұратын тыл еңбеккері Кулши Токтарованы да құттықтап барды. Ол 1924 жылы Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Жарма ауданы Ақжал ауылында дүниеге келген. Балалық шағында соғыс кезеңінде жастығына қарамастан ауыр еңбек етіп, тыл еңбеккері атанған. 2020 жылы Ресей Федерация Президентінің ұсынуы бойынша, Жеңіс күнінің 75 жылдығына орай медалімен марапатталған.

– Биыл 9 мамырда Ұлы Жеңістің 78 жылдығы аталып өтпек. Бұл мереке әр отбасына әлі де ыстық. Өйткені соғысқа қатысып, жеңіспен оралып немесе ерлікпен қаза тапқан, оралмаған ата, әжелеріміз қаншама.

Тарихта көз жүгіртсек, Қазақстаннан 1941-1945 жылдары майданға 1,5 млн ұл мен қыз аттанған. 600 мыңнан астам қазақстандықтар соғыстан оралмаған…бұл ұмытпас өмір тарихы.

Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы, – деді мекеме бастығы Жаксылық Алтаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру