Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңа үлгідегі 260 бейнетіркегішті пайдалануда

Полицейлердің іс-әрекеттерін бейнеге түсіру ұзақ уақыттан бері стандартты тәжірибеге айналған. Өткен жылдан бастап “Цифрлық полицей” жобасы аясында Солтүстік Қазақстан полициясының қызметкерлері жаңа үлгідегі киілетін бейнетіркегіштермен жарақтандырылуда. Бүгінгі таңда СҚО-да “Samsung” маркалы 260 құрылғы пайдаланылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың ескі жүйелерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар: жадының көбірек болуы, сондай-ақ аз уақыттың ішінде қуаттандыру. СҚО ПД патрульдік полиция батальондары мен Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жаңа тіркегіштермен 100% жарақтандырылған. Жазба кезекшіліктің барлық уақытында жүргізіледі, тәртіп сақшылары үздіксіз жұмыс істеуі үшін “Power bank” қуаттау құрылғыларын пайдаланады.

Басты артықшылығы – онлайн-мониторинг жасау мүмкіндігі. Кезекшіліктегі қызметкердің “бейнежетонына” кез келген минутта жедел басқару орталығы мен бөлімше басшылары, тіпті облыстық полиция департаментінің бастығы қосыла алады.

– Жалпы, киілетін бейнетіркегіштерді барлық сыртқы қызметтердің қызметкерлері пайдаланады. Учаскелік инспекторлар, ювеналды және табиғатты қорғау полицейлері оларды хаттамалар жасау және халықтан шақыртуларға қызмет көрсету кезінде қосуға міндетті. Тергеу жедел топтардың құрамында кезекшілікке түсетін қызметкерлер оқиға орнына барған кезде бейнетіркегіштерді пайдаланады. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметінің барлық автокөліктері барлық бағытта жазба жүргізетін бейнекешендермен жабдықталғанын еске саламыз, ал микрофоны бар камералардың бірі патрульдік автомобильдер салонында болып жатқан оқиғаларды тіркейді. Бейнетіркеу – бұл құқық бұзушылықтар бойынша дәлелдемелік базаны қалыптастырудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің сенімді құралы. Заманауи технологиялар ашықтық қағидаттарына негізделген полиция жұмысының сервистік моделіне көшудің негізі саналады, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру