Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бағдарламашы-оператор букмекерлік кеңседе бәс тігу арқылы адамдарды алдаған

Астанада бағдарламашы-оператор букмекерлік кеңседе бәс тігу арқылы адамдарды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтықтың бес фактісіне қатысы бар 24 жастағы Ақтөбе тұрғынын анықтады.

Компанияда бағдарламашы болып жұмыс істейтін жігіттің, тұтынушылар қызмет көрсету бойынша өтініштер қалдыратын базаны қолдану мүмкіндігіне ие екендігі анықталды.

Абоненттерге неғұрлым тиімді қызметтер пакетін ұсына отырып, оларға теңгерімді толықтыруды ұсынған. Сонымен қатар букмекерлік кеңсенің сайтындағы жеке кабинетте жігіт басқа біреудің нөмірін және клиенттер оған хабарлаған СМС-кодты енгізген. Толықтыру сомасы әр адамнан 8 мың теңгеден астам болған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Астана қаласының полиция департаменті қала тұрғындарына бөгде адамдарға сенбеуді және қырағы болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру