Мақтааралда мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Мас күйінде көлік басқарып, қарсы қозғалыс жолағына өтіп кеткен мақтааралдық тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері әрдайым рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Мәселен, тәртіп сақшылары түнгі уақытта жүрісі күдік тудырған ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші жол бойында қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, жол ережесін бұзған. Полицейлер автокөлікті тоқтату барысында жүргізушінің көлікті мас халде жүргізгенін анықтады.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салынды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен (Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішнде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік құжаттар жинақталып, іс сотқа жолданды.