Елордада электрлі самокатты қолды еткен азамат анықталды
Елордада электрлі самокатты қолды еткен азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Бейсеков көшесіндегі «Қамқор» дүкенінің ауданында тұрған электр самокатты ұрлау дерегі бойынша арыз келіп түсті.
Тергеу барысында ер адамның таңғы сағат 04:00 шамасында еркін қол жеткізу арқылы электр самокатты алып, көлігіне тиегені анықталды. Күдікті мамандығы бойынша инженер болғандықтан, электр машинаның GPS-ін өшіріп, содан кейін электронды велосипед жасау үшін бөлшектерді қолданғысы келген.
Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының 43 жастағы тумасын анықтады.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарына жеке заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.