Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға қатысты 165 әкімшілік хаттама толтырылды

11-15 мамыр аралығында Семей қаласының аумағында жол көлік оқиғаларының, оның ішінде, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 күнге созылған шара аясында полиция қызметкерлері қала көшелерін, қарбалас уақыттарда көлік көп қатынайтын жаяу жүргіншілер өткелдерін патрульдеді.

«Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» ЖПІШ аясында ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша – 64 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша – 101 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру