Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД-да отбасылық спартакиада өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Халықаралық отбасы күні қарсаңында спартакиада өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда отбасылық саясат мемлекеттің басты мәселелерінің бірі. Отбасын нығайту мен қазақстандықтардың әл-ауқаты бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған. Бүгінгі күні орталық қызметкерлері қазақстандық көп балалы отбасылардың жағдайы мен дамуын зерттеу бойынша, ерте неке бойынша, отандық кинодағы гендерлік стереотиптер бойынша, ауылдық отбасының әлеуметтік портреті бойынша, ажырасулар, ата-ана моделі және ата-ана әлеуеті бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.

Мерекелік іс-шаралардың идеологиялық мазмұны отбасы институтын нығайтуға, некенің ұлттық құндылықтарын насихаттауға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеуге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қазақстандық қоғамның оң имиджін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Осы орайда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнін мерекелеуге арналған ҚАЖ департаментімен мекеме қызметкерлер арасында отбасылық спартакиадасы өткізілді. Әр түрлі спорт түрлерінен үздіктерді анықтау үшін Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті, мекеме қызметкерлері және пробация қызметкерлері сайысқа түсті.

Спартакиаданың басты мақсаты – ол салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымды біріктіру және Халықаралық отбасы күнін мерекелеу.

Спорттық шара аясында спорттың 6 түрінен (баскетбол, қаппен жүгіру, отбасылық эстафеталар, шармен жүгіру және кенгуру) атты жарыстар өткізілді.

Бұл спартакиаданың ерекшелігі қызметкерлердің моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға, туыстық байланыстарын нығайтуға, баса назар аударылды. Сондықтан кең ауқымды жарыстарға жұбайлары, балалары, тіпті кейбір жағдайларда қызметкерлердің ата-аналары шақырылды. Арнайы жарыстар тек отбасындағы командалар үшін ұйымдастырылды.

Спартакиадаға департаменттің 15-тен астам қызметкері қатысты. Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Балтабаев бірінші орын алған командаға кубок пен ақшалай сыйлық табыстап, өзге қатысушыларды естелік сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру