Алматы полициясы көліктің жекелеген түрлерінің қозғалысын қадағалауды күшейтті
Алматы полициясы көліктің жекелеген түрлерінің қозғалысын қадағалауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция көліктің жекелеген түрлерінің қозғалысын қадағалауды күшейтті. Бұл да аудандағы апаттық оқиғалардың деңгейіне әсер етеді. Мәселе мопед, мотоцикл, скутер, самокат секілді альтернативті көлік туралы болып тұр.
– Мопед пен электросамокат тізгіндеген адамдардың саны артып, соның салдарынан олардың қатысуымен жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері көбейді. Баламалы көлік түрлерін пайдаланатын адамдардың ҚР ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Өткен тәулікте ғана ауданымыздың аумағында алдыңғы шептегі бөлімшелер мопед жүргізушілері жасаған ҚР ЖҚЕ бұзудың 78 дерегін анықтады. Құқық бұзушылар мынадай құрамдар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі, 594-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 1-бөлігі, 620-бабы 1-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 230-бабы 1-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі, 602-бабы 1-бөлігі. Мұндай шаралар күн сайын өткізіледі және ерекше бақылауда, – деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.