Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан скутер жүргізушісі ауруханаға түсті
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан скутер жүргізушісі ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 мамырда кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі Д.Қонаев көшесі мен Ж.Шернияз көшесінің қиылысында, солға бұрылған кезде қарсы бағыттан тікелей келе жатқан көлікке жол бермей Ваз-21703 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 16 жастағы скутер жүргізушісі Ақтөбе қаласының облыстық көпсалалы ауруханасы реанимация бөлімшесіне жеткізілді. Жасөспірімнің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Полиция департаменті мопед мен скутер, велосипед сияқты көлік құралдары жолдың оң жақ шетіне, мүмкіндігінше бір қатарға, ең шеткі оң жақ жолақпен қозғалуы керек екенін еске салады. Бұл талаптан шегінуге тек кедергіні немесе оң жақта тұрған көлік құралын айналып өту үшін рұқсат етіледі.