Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 5 тұрғынның 3,2 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқтықпен иемденген азамат ұсталды

Қызылордада 5 тұрғынның 3,2 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқтықпен иемденген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қалалық полиция басқармасына бес қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған.

​Жәбірленушілерден белгісіз азамат 2022 жылдың тамыз, қазан айларында “Қызылорда Темір жолы”АҚ-ға жұмысқа тұрғызып беремін, “Қорқыт ата атындағы университетінің дене шынықтыру кафедрасына” оқуға түсіріп беремін деп сенімге кіріп, 5 жәбірленушіден жалпы 3 миллион 196 мың теңге көлемінде ақша алған.

Басқарма қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған 35 жастағы күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

​Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру