Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицей генерал Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокс турнирінің жеңімпазы атанды

Алматы қаласында Кеңес Одағының батыры, «Халық қаһарманы» атағының бірінші иегері, тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан 26-беделді халықаралық турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 150-ден астам боксшы қатысты. Бірнеше күн бойы әрқайсысы күш-жігерлерін көрсетті.

Жарысқа Павлодар облысы ПД қызметкері Шаймұрат Құсайынов қатысты. Тәртіп сақшысы өзінің ең мықтылардың бірі екенін дәлелдеді. Спортшы 86 салмақ дәрежесінде өзінің шеберлігі көрсетті және бірнеше уақыт ішінде қарсыластарынан асып түсіп, жеңіске жетіп, алтын медаль жеңіп алды.

– Бұл халықаралық бокс турнирінің өзіндік тарихы мен дәстүрі бар. Аты аңызға айналған Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған – өзін Отанға қызмет етуге арнаған адам. Осындай адамдар мәңгілік есте қалуға лайық және оны ұмытпау керек. Мен үшін бұл турнирге қатысу, одан да көп жеңіске жету – үлкен мақтаныш пен абырой. Жаттықтырушыларға, бізді қолдаған барлық жанкүйерлерге рақмет, – дейді Шаймұрат.

Айта кетейік, Шаймұрат Құсайынов 2021 жылдан бері ІІО-да қызмет етіп келеді. Бала кезінен спортпен шұғылданады. Оның жетістіктері аз емес, Венгрия, Беларусь және Ресей елдерінің Әлем кубогының халықаралық турнирлерінің атақтары бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру