Шардаралық тұрғыннан сора түптері тәркіленді
Түркістан облысының тұрғынынан сора түптері тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті есірткі егу дерегін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары шардаралық тұрғынның үйінің ауласын тінту кезінде есірткісіне ұқсас 9 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі түптері сора болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.