Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері қылмыскерді анықтаудағы заманауи криминалистикалық әдістермен танысты 

Ертіс полицейлері қылмыскерді анықтаудағы заманауи криминалистикалық әдістермен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қолданбалы заң ғылымы, оның ішінде криминалистиканың қазіргі даму деңгейі қылмыстарды ашу және тергеу кезінде қылмыскерді анықтауда заманауи, тез дамып келе жатқан әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы ІІМ жедел криминалистикалық департаменті қазіргі уақытта IT-технологиялар саласындағы ең жаңа жабдықты енгізуде, ол болашақта қылмыстарды қысқа мерзімде ашуға, құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде дәлелдемелік базаны бекітуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етеді және полицияға деген сенім деңгейін арттырады.

Павлодар облысы ПД жедел криминалистикалық басқармасының бастығы Арғын Сұлтанов Қазақстан Республикасы ІІМ базасында «Криминалистикалық инновациялық технологиялар» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарға қатысушыларға ІІМ молекулярлық-генетикалық және цифрлық зертханасы, биометриялық белгілері бойынша тұлғаны сәйкестендіру жүйесі, ақша банкноттары мен құжаттарын сараптауға арналған бейне-спектрлік компаратор, сондай-ақ жасырын саусақ іздерін анықтауға арналған жабдықтар көрметілді.

Криминалистикалық және тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін қылмыскерді анықтаудағы заманауи криминалистикалық әдістермен таныстыру мақсатында Сұлтанов департаменттің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу аясында қатысушыларға практикалық қызметке жаңа заманауи технологияларды енгізу, жаңа жабдықтардың жұмыс істеу мүмкіндіктері мен принциптері туралы егжей-тегжейлі айтып, оқу-әдістемелік әдебиеттермен таныстырып, цифрлық криминалистикалық зертхананың мүмкіндіктерін бөлек атап өтті. Кездесу соңында оқу бейнефильмдері көрсетілді. Қатысушылар атап өткендей, жоғарыда аталған жабдықты сатып алу бұрын ашылмаған қылмыстардың санын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру