Астанада ойын-сауық орындарында кальянды заңсыз тұтыну фактілері тіркелді
Елордалық полицейлер демалыс күндері жергілікті рейдтік іс-шаралар барысында 292 ойын-сауық мекемесін тексерді. Кальян тұтынған 100-ге жуық азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында кальян тұтынған 100-ге жуық азамат анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының талаптарын бұзған. Атап айтқанда, тыйым салынған орындарда кальян тұтынған. Есіл ауданының аумағында бұзушылықтардың ең көп саны тіркелген, онда 50-ге жуық мекемеде кальянды заңсыз тұтыну анықталды.
Жоғарыда аталған барлық фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыларға қатысты 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу – жеке тұлғаларға 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.