Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда ЖБО қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті бақылайды

Түркістан облысы полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығы тәулік бойы аудан аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы бір айдың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 870 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Сонымен қатар бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерінің арқасында аталған кезеңде екі қылмыс жедел ашылды.

Мысалы, Жетісай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Нәтижесінде құқық бұзушы заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Жетісай аудандық полиция бөлімі жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық орындардағы ахуалды тәулік бойы бақылап, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру