Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ірі мөлшерде есірткі еккен төрт тұрғын ұсталды

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданында прокуратура, аудандық әкімдік және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде 1086 түп сора өсімдігін еккен қала тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28-50 жастағы жұмыссыз төрт қала тұрғыны Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Қызылқұм ауылының 265 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсімдігін өсірген. Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 20 см-ге жеткен.

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, күдіктілердің жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: 20 метрлік шланга, күрек, кетпен, тырма, газ баллонын тәркіледі. Есірткі алқаптан бөлек алынған арнайы кептірілген марихуананың салмағы 723 грамм болып шықты. Күдіктілер Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру