Орал қаласының екі тұрғыны такси жүргізушісін тонаған
Такси жүргізушісін тонап кеткен екі оралдық тұрғынға қатысты тергеу әрекеттері басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО ПД кезекші бөліміне Яндекс GO қызметінің такси жүргізушісі хабарласады. Оның айтуынша түнгі сағат 02:00-де Яндекс GO қосымшасын қолданушы Орал қаласының Орбита саяжай қоғамына тапсырыс берген. Ол тапсырысты қабылдап, көрсетілген мекен-жайға келген кезде оның көлігіне екі жігіт отырды. Жолай олардың біреуі такси жүргізушісімен жанжалдасып қалған. Кейін жүргізушіге көзді жасаурататын газды баллон спрейін шашып жіберіп, содан кейін олар телефонды және қолда бар ақшаны алып, қылмыс орнынан қашып кетті.
Жедел іздестіру шаралары барысында 25 және 19 жастағы екі азамат ұсталды.
Анықталғандай, екеуі де жұмыссыз. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады, ұрланған мүлік тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.