Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды

Шетел автокөлігімен бірнеше рет құқық бұзушылық жасап “Аркан”, “Ekin” құрылғыларына түсіп, айыппұл төлеуден жалтарған Қызылорда облысының тұрғындары құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ОПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері үнемі құқық бұзушылық жасап “Аркан”, “Ekin” құрылғыларына түскен, айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 7 маусымда Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған Daewoo Nexia автокөлігімен “Аркан” құрылғысына жылдамдық режимін 8 мәрте бұзып түскен, 138 мың теңге көлемінде айыппұлдан жалтарып жүрген 43 жастағы қала тұрғыны, сондай-ақ  9 маусымда Грузия мемлекетінде тіркеуде тұрған Toyota Camry автокөлігімен жылдамдық режимін 5 мәрте бұзып, 155 250 теңге көлемінде айыппұлдан жалтарып жүрген 31 жастағы қала тұрғыны құрықталды.

9 маусымда Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған Chevrolet автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 22 жастағы жүргізушінің көлік құралына тиесілі құжаттары толық емес күйде басқарғаны және “Аркан” құрылғысына жылдамдық режимін 4 мәрте бұзып, 116 880 теңге көлемінде айыппұлдан жалтарып жүргені анықталды.. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының талаптарына сәйкес, тиісті әкімшілік хаттамасы толтырылып, автокөлік ақылы айып алаңына қойылды.

Айта кететін жайт, аталған автокөліктердің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған. Қызылорда облысы полиция департаменті көлік құралына қатысты барлық құжаттарды уақытылы заңдастырып жүруге және жол ережесін бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру