Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер үш тәулікте берешегі бар 60-қа жуық тұрғынды анықтады

Түркістандық полицейлер үш тәулікте берешегі бар 60-қа жуық тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлеріне сот орындаушыларынан жыл басынан бері жалпы 121 тұлғаға қатысты іздеу қаулылары келген. Оның ішінде 111-і анықталған болса, 59 құқық бұзушының мекенжайы үш тәулікте анықталды. Бұл бойынша талапкерлер мен жеке сот орындаушыларына хабарлама беріліп, қысқартылды. Ал қалған іздеу істеріне қатысты жұмыстар жалғасуда.

Айта кетсек, тәртіп сақшылары төленбеген әкімшілік айыппұлы бар борышкерлер мен алимент төлеуден жалтарып жүрген тұрғындардан өндіру жұмыстары үздіксіз атқарып жатыр. Аталмыш мақсатта көші-қон қызметі полицейлерімен «Мигрант», «Заңсыз келуші» атты іс-шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру