Заңды елемеген қызылордалық тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды
Заңды елемеген қызылордалық тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері бағыт аралау барысында 12 маусым күні сағат 12:01 шамасында көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған ВАЗ 21063 автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен 2021 жылдың сәуір айында 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
46 жастағы жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.