Ертісте көлігінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ мас жүргізуші ұсталды
Ертісте көлігінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 маусым сағат 00:35 шамасында Ертіс ауданында патрульдеу кезінде алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ Lada Priora автокөлігі полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғы арқылы автопатруль қызметкерлері жүргізушіден тоқтатуды талап етті, бірақ ол заңды талаптарға бағынбай, одан әрі жылдамдықты арттыра отырып, қозғалысты жалғастырды. Автокөлік Северный ауылынан Қараағаш ауылына қарай үлкен жылдамдықпен жүріп, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірді.
– Жүргізуші жасырынып үлгермеді, оны полиция қызметкерлері ұстады. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Ауыл тұрғыны аудандық ауруханаға жеткізілді, онда ол медициналық тексеруден бас тартты. 60 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі мен 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Сұңғат Әбенов.
Полиция соттың қаулысымен жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан 8 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынғанын атап өтті. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тәртіп сақшылары көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.