Маңғыстау облысындағы тергеу изоляторына есірткі өткізу фактісі анықталды
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізу фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел ақпаратты тексеру барысында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №77 мекеменің жедел уәкілдері сотталғандардың біріне арналған сәлем-сауқаттың ішінен спорттық аяқ киімнің екі сыңарының табанына жасырылған есірткі тауып, тәркілеп алды.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша есірткі заты салмағы 29 грамнан астам марихуана екендігі анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жаытр.