Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда биыл айыппұлы төленбеген 800-ден астам көлік арнаулы тұраққа жеткізілді

Атырауда биыл айыппұлы төленбеген 800-ден астам көлік арнаулы тұраққа жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы аумағында жыл басынан айыппұлдарын төлемей жүрген көлік жүргізушілері анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес барлығы 800-ден астам (30 млн теңгеге жуық құрайтын айыппұлы бар) автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

7-30 маусым аралығында «Борышкер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара барысында 287 жүргізуші айыппұлдарын төлемей жүргендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес көліктері арнаулы тұраққа қойылып, ал 400-ге жуық көлік иелерінің 16 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлдары сол жерден төленіп, өндіріліп алынды.

Жүргізушілер назарына:

Жолда жүру ережесі қағиды бойынша құқық бұзушылық жасағаннан кейін 7 күн ішінде айыппұлдың 50 пайызын төлеуге болады. ҚР ІІМ-нің тапсырмасы бойынша жол қозғалысын автоматты қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильді қосымша еңгізілді.

Атырау қаласы бойынша «Қорғау» көмегімен 2022 жылдың 8 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 7143 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталған. Атап айтқанда:

– Сақтандыру полисын жасаудан жалтарып жүрген – 6525;

– Жалған мемлекеттік белгі орнатып, көлік құралын басқарған – 12;

-Көлік басқаруға құқығынан айырылған – 50;

– Мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік құралын басқарған 14 көлік анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасақталды. Сонымен қатар 1114 көлік жол жүрісі ережелерін бұзғандары үшін арнаулы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру