Түркістан тұрғыны үй кезегін жылжытып беремін деп танысын алдап кеткен
Түркістан тұрғыны үй кезегін жылжытып беремін деп танысын алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Оған сырттай таныс әйел мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтып, қызметі үшін 300 мың теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден топ құрылды. Нәтижесінде күдікті анықталды, ол жұмыссыз жүрген тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.