СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 45 грамм мефедрон тәркіледі
СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 45 грамм мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мефедрон – аса қауіпті синтетикалық есірткі. «Синтетиканы» сату фактілерінің жолын кесу – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерінің жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Наурыз айында Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар нәтижесінде 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Жеке тінту кезінде қала тұрғынынан жалпы салмағы 20 грамм ұнтақ тәрізді зат салынған, қара изолентамен оралған 20 полимерлік түйіншек тәркіленді.
Куәгерлердің қатысуымен асфальт үстінде ер адамның жанынан тағы осындай 25 түйіншек анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
– Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген ұнтақ тәрізді зат 45 грамм мефедрон екені анықталды. Есірткі жасырды деген күдікпен ұсталған қала тұрғыны осындай қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған, нашақор ретінде есепте тұр. Қазіргі уақытта ол қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.