Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейі кикбоксингтен әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Абай облысы ПД арнайы бөлімшесінің қызметкері Венгрия Будапештінде WAKO (World Association of Kickboxing оrganizations) нұсқасы бойынша өткен кикбоксингтен әлем кубогында ІІІ орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа барлық континенттерден мыңға жуық спортшы қатысты.

75 келі салмақ дәрежесінде Абай облысы ПД арнайы жедел әрекет ету отрядының инспекторы Саят Трусбеков қола жүлдеге ие болды.

Абай облысының полицейі кикбоксингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол алғаш рет 2017 жылы әлем чемпионатында бой көрсеткен болатын.

Саят Трусбековты жеңіспен құттықтаймыз! Жаңа спорттық жеңістер мен кәсіби табыстар тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру