Екібастұзда тіркеусіз тұрған шетел азаматы елден шығарылды
Екібастұзда бірнеше рет құқық бұзушылыққа жол берген шетел азаматы елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз полицейлері Қазақстан Республикасында болған кезінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ресей Федерациясының азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
– 41 жастағы ер адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін екі рет жауапкершілікке тартылды. Бірінші рет айыппұл салынса, ал екінші рет 5 тәулік мерзімге қамауға алынды. Бұдан басқа, ақпан айында 45 жастағы бірге тұратын әйелдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелік инспектор отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар үшін қорғау ұйғарымын шығарды, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуға тыйым салу туралы ерекше талаптар белгіленді, – деп хабарлады Екібастұз қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Руслан Оразханов.
Тәртіп сақшысы ер адамға көршілерінен мінез-құлыққа, алкогольдік ішімдіктерді ішуге бірнеше рет шағымдар түскенін, ал ол тіркеусіз тұрып жатқан. Ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасынан шығару түрінде жауапқа тартылды.