Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлерге қызметтік автокөліктің кілті табысталды

Маңғыстаулық полицейлерге қызметтік автокөліктің кілті табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірдегі республикалық және жергілікті маңызды тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Маңғыстау облысы ПД бастығы Аян Дүйсембаев жол патрульдік полиция қызметкерлеріне қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Табысталған жаңа жеті автокөліктің барлығы жылдамдық өлшеуге арналған “Кибер-шериф” құрылғыларымен жабдықталған.

– Патрульдік автокөлік санының артуы жолдағы қауіпсіздікті арттыруда оң нәтиже береді деген үміттеміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы мен қоғамымыздың тыныштығы, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Аян Дүйсембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру