Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік ҚАЖД қызметкерлеріне “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісі табысталды

Қазақстан полициясының 31 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін салтанатты жиынды ашып, құттықтау сөз сөйлеген департамент басшысы Теңізжан Жәнібеков ҚАЖД қызметкерлерінің асқан жауапкершілікпен күн демей, түн демей атқарып жатқан еңбектеріне тоқталып, алғысын білдірді.

– Бүгін – Қазақстан полициясының құрылған күні. Тәртіп бар жерде қоғам дамиды, береке-бірлік болады, еліміздің азаматтары алаңсыз еңбек етеді, бала-шағамыз білім алып, болашаққа бағдар түзейді. Осындай игі істердің барлығының басы-қасында сіздер жүрсіздер. Ауыр да абыройлы қызметтеріңіз Ішкі істер министрлігі тарапынан, ҚАЖ комитеті мен департамент басшылығы тарапынан марапатталып жатыр. Жинаған тәжірибелеріңіз бен біліктіліктеріңізді ел болашағының жарқын істеріне бұдан былай да аямай жұмсайтындарыңызға сенемін, – департамент бастығы.

Бұдан кейін қызметкерлерді марапаттау рәсімі басталды.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен “Қылмытық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалі №69-шы мекеме бастығының кезекші көмекшісі Мұхиддин Керімбековке табысталса, ҚР ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД штаб бөлімшесінің аға инспектор-кезекшісі Тимур Есенәлиев марапатталды. Ал ҚР ішкі істер мининстрінің алғыс хатымен №78-ші мекемесі бақылау қызметі бөлімшесінің бақылаушысы Нұрбол Пазыл ие болды.


Сонымен бірге, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен Шымкент қаласы Қаратау аудандық пробация қызметі бастығының орынбасары Дана Сүгірова мен ҚАЖД-ға қарасты №69 мекеменің режим және күзет бөлімінің қызметкері Медет Сырланға ҚАЖ комитетінің марапаттау қағазы табысталды.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен 6 қызметкер “Қазақстан полициясына 30 жыл” естелік төсбелгісіне ие болып, 45 қызметкер алғыс хатпен марапатталды, 9 қызметкерге алғыс жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру