Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облыстық ПД-да Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Қарағанды облыстық ПД-да Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы мерекесіне орай департамент қабырғасында салтанатты іс-шара өтті. Алдымен мерекелік іс-шараға жиналған қонақтар мен ардагерлер, департамент басшылығы және жеке құрам департамент ауласында қаза болған қызметкерлердің құрметіне орнатылған мемориалдық тақта тасына гүл шоқтарын қойып, бейбіт заманда отан тыныштығы жолында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, аспанға үш мәрте оқ атты.

Осыдан кейін, салтанатты іс-шараға жиналғандар департаменттің кіре берісінде ашық форматтағы кітапхананың ашылуының куәсі болды. Тұңғыш рет департаментте тәртіп сақшыларының бос уақытында кітап оқып, зейінін ашуға арналған кітапханада бірнеше құнды кітаптар қойылған.

– Бүгін кәсіби мереке күні біз департаментте тұңғыш рет ашық форматтағы кітапхана ашып отырмыз. Мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының: “Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана” деген қанатты сөзі бар. Сондықтанда бұл кітапхана полиция қызметкерлерінің сауатын ашып, білімін жетілдіруге зор септігін тигізеді деген ойдамын, – деді облыстың бас сақшысы Санжар Әділов.

Айта кету керек, аз ғана уақыт ішінде қолданысқа берілген кітапханаға департаменттің жеке құрамы да ат салысып, кітаптар әкелген. Алдағы уақытта бұл жерде полиция қызметкерлері бос уақыттарында кітап оқуларына барлық жағдай жасалатын болады. Кітапхананың ашылу салтанатынан кейін, департаменттің мәжіліс залында қызметінде алдыңғы шептен көрінген тәртіп сақшыларын және қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелерін марапаттау салтанатты іс-шарасы болды. Марапаттау алдында залға жиналғандарды департамент бастығы Санжар Әділов кәсіби мерекемен құттықтады.

– Бұл мереке ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен ержүректілігіне, құқықтық тәртіп сақшыларының бірнеше буынымен іргесі қаланып келген Отан мен халыққа қызмет етудің озық дәстүрлеріне деген құрмет болып саналады. Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге жетістік тілеймін, – деді облыстың бас полицейі.

Құттықтау сөзінен кейін Санжар Әділов қаза болған қызметкерлердің жақындарына арнайы сыйлықтар табыстаса, ішкі істер органдарының ардагерлерін “Қазақстан Полициясына 30 жыл” кеуде белгісімен марапаттады.


Марапаттау рәсімі барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрықтары оқылып, қызметте алдыңғы шептен көрінген бірқатар қызметкерлер арнайы шендер, төсбелгілер, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.

Мәселен, Ішкі істер министрлігінің грамотасымен 11 қызметкер марапатталса, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен 3 қызметкер, “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен 8 қызметкер, “Қазақстан Полициясына 30 жыл” төсбелгісімен 7 қызметкер марапатталды. 6 қызметкерге алғыс хат табысталды. 5 қызметкерге алғыс жарияланып, 11 қызметкер министрдің бұйрығымен уақытынан бұрын арнайы шен алды.


Сондай-ақ полиция департаменті бастығының бұйрығымен 235 қызметкер грамотамен марапатталса, 261 қызметкер алғыс хатқа ие болды. Ал “Қазақстан Полициясына 30 жыл” төсбелгісі және Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағатпен 60 қызметкер марапатталып, 128 тәртіп сақшысына алғыс жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру