Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан бері 32 велосипед ұрлығы тіркелді

СҚО-да жыл басынан бері 32 велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Велосипед ұрлығы – маусымдық қылмыстардың бір түрі. Әдетте мұндай қылмыстар жазға таман, жаз айларында, күзге таяу уақытта жасалады. Полицейлер адамдардан өз мүліктеріне жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Көбінесе қаскөйлер домофонмен жабдықталған үйлердің алдында тұрғындарды күтіп, олар өткен соң кіріп кетеді не болмаса кез келген пәтерге қоңырау шалып, өздерін коммуналдық қызметтердің өкілдері ретінде таныстырады, достарына келгенін айтады. Осылайша, кіреберісте тұрған велосипедтер, балалар арбалары мен басқа да заттар қолды болуы мүмкін.

Сондай-ақ қылмыскерлерді иелерінің назарынан тыс қалған велосипедтер қызықтырады. Қос дөңгелекті көліктерді бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарда қалдырған жөн, әрі айдап әкетуге қарсы құралдарды пайдаланған дұрыс. Осындай оқиғалардың бірі Петропавл қаласындағы Универсальная көшесінде орын алды. Жасөспірім велосипедін аз уақытқа қараусыз қалдырған. Ал бұл мүмкіндікті ұрылар ұтымды пайдаланған. Қуанышқа орай, полицияға уақытылы хабарласудың арқасында қаскөй ізін суытпай ұсталып, велосипед иесіне қайтарылды.

– Полиция қызметкерлері осындай қылмыстарды ашу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, бірқатар қылмыстар бойынша 3,5 жылға сотталған бұрын істі болған 33 жастағы қала тұрғыны қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр. Ол қаладағы үйлердің жертөлелеріндегі, қоймалардағы құлыптарды бұзып кіріп отырған. Ол ұрлаған заттардың арасында екі велосипед те болды. Естеріңізге сала кетейік, үйлердің кіреберістері мен маңында бейнебақылау жүйесін орнату, мықты құлыптар пайдалану мүлікті қылмыстардың жасалу қаупін азайтып, тез арада ашылуын арттырады. СҚО-да барлығы 32 велосипед ұрлығы тіркелді, оның 11-і облыс аудандарында жасалды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру