Ақмолалық тұрғынның телефонын тартып алған екі азамат құрықталды
Ақмолалық тұрғынның телефонын тартып алған екі азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Копа көлінің маңында ер адамның телефонын күшпен тартып алған екі жігітті ұстады. Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгініп, 24 маусым күні екі бейтаныс адам одан ОРРО маркалы телефонын күшпен тартып алғанын хабарлады. Залал сомасы 190 мың теңгені құрады. Ер адам бұл оқиғаның қалалық көл аймағында болғанын түсіндірді.
Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша СДТБТ-да тіркеді.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді ұстады. Олар облыс орталығының 29 және 31 жастағы екі тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленушіге тиесілі заттай дәлелдеме, ұялы телефон тәркіленді. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.