Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жүргізушілер жиі жол беретін жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын айтты

СҚО полицейлері жүргізушілер жиі жол беретін жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22-29 маусым аралығында облыста «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерінің 2783 бұзушылығы анықталды. Ең жиі кездесетіндердің бірі — жылдамдықты арттыру: мұндай 355 факті тіркелді, оның басым бөлігі — қала сыртындағы жолдарда болған. Полицейлер жылдамдық режимін асыру ауыр зардаптармен болатын жол-көлік оқиғаларын жасау қаупін күрт арттыратынын еске салады. 5 ай ішінде СҚО аумағында түрлі жол апаттарында 10 адам қаза тапты, оның бесеуі республикалық маңызы бар жолдарда.

– Демалыс кезінде қала сыртындағы жолдарда көлік ағыны әдеттегідей арта түседі, көптеген жүргізуші отбасыларымен бірге жолға шығады. Жоғары қырағылық танытуды, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң орындауды, өзіне және қозғалыстың басқа да қатысушыларына қауіп төндірмеуді сұраймыз, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ ең көп таралған бұзушылықтардың бірі – көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу және балалардың қауіпсіздігіне арналған құрылғыларды пайдаланбау (сәйкесінше 133 және 231 факті анықталған). Осындай бұзушылықтар жол апаттарының қаупін арттырады және олардың ауырлығын арттырады.

Бұдан бөлек, 31 мас жүргізуші ұсталды, олар үшін жаза – 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру. Қозғалысқа қатысушылардың тәртібін арттыруға және апаттылықты төмендетуге бағытталған жұмысты полицейлер тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру