Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғыны дүкен сатушысын жалған чекпен алдап кеткен

Ақтөбе тұрғыны дүкен сатушысын жалған чекпен алдап кеткен. Жәбірленуші 188 мың теңгеден астам шығынға ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 шілдеде қалалық полиция бөліміне 40 жастағы кәсіпкер арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, Қонаев көшесі бойында орналасқан сауда үйіндегі бутикте белгісіз әйел мобильді қосымшалардың бірі арқылы төлем жасағаны туралы чекті көрсетіп, тоқыма бұйымдарын алған. Біраз уақыттан кейін сатушы өзінің шотына тауардың ақшасы түспегенін байқап, алданғанын түсінген.

Залал сомасы 188 мың теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 52 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Төлем кезінде ол жалған чек көрсетіп, сол арқылы тоқыма бұйымдарын иемденгені белгілі болды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мұндай жағдайлардың құрбаны болмау үшін тауар үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді тек банктердің терминалдары арқылы қабылдау қажет. Бүгінгі таңда алаяқтар әртүрлі амалдарға жүгінеді, сондықтан мұқият болу және төлемді заңды және қауіпсіз түрде қабылдау керек. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру