Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері синтетикалық есірткі таратушының қылмыстық әрекетін тоқтатты

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Солтүстік Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен 38 жастағы петропавл тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол облыс орталығының гараж массивтерінің бірінің аумағында ұсталды. Ер адамнан кристалл тәрізді затпен жабысқақ таспамен оралған 5 «зиплок» полимерлі орама тәркіленді.

Ер адамның айғақтарына сәйкес, ол 7 есірткі қоймасын жасап үлгерген. Олардың барлығы табылды. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 12,6 граммды құрады. Сараптама көрсеткендей, бұл α-PvP синтетикалық «тұз» деп аталатын психоактивті зат болып шықты.

– Естеріңізге сала кетейік, синтетикалық есірткі үшін аса үлкен мөлшер 1 грамнан басталады. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті қамауда ұсталуда. Ол бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні сатқаны үшін 18 күдіктіні қамауға алды. Олардың жартысынан көбі 25 жасқа дейінгі ер адамдар, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру