Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының тұрғынына жоқ велосипедті сатқан азамат қолға түсті

Абай облысының тұрғынына жоқ велосипедті сатқан азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 шілдеде Үржар ауданы ПБ-ға аудан орталығының 34 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Оның сөзінше, 30 шілдеде әлеуметтік желілер арқылы балалар велосипедін сатып алмақ болған. Содан хабарландыру бойынша WhatsApp желісі арқылы белгісіз тұлғамен сөйлескен. Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, мобильді қосымша арқылы жоқ тауардың ақшасын алдын ала алып алған.

Келтірілген шығын 17 480 теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шыққан қаскүнемді анықтап, ұстады. Жауап алу барысында ол ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, мойындады.

Белгілі болғандай, арызданушы тегін хабарландырулар сайтында велосипед сату туралы ақпаратты көріп, оны сатып алуды шешкен. Сатушы қаражатты толық төлегеннен кейін ғана тауарды жөнелтетінін айтқан. Алайда ер адам банктің онлайн-қосымшасы арқылы ақша аударған соң, хабарландыру авторы байланысқа шығуды тоқтатып, сол күйі тауарды жібермеген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру