Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Валюта айырбастамақ болған Қостанай облысының тұрғыны алаяққа алданып қалды

Б.Майлин ауданының полиция қызметкерлері WhatsApp арқылы жасалған алаяқтық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан орталығының тұрғыны полицияға ақша айырбастау кезінде алаяқтардың арбауына түсіп қалғаны туралы арызбен жүгінді.

Жәбірленуші Ресейге демалысқа бармақ болған. Теңгені рубльге айырбастау үшін ол банкке жүгінген. Бірақ қажетті сома болмағасын күту қажет болды. Әйел процесті тездетуге шешім қабылдап, құрбысының кеңесі бойынша WhatsApp желісіндегі Рубль сатып аламын деген атауы бар топқа қосылған. Мұнда ол есімі белгісіз адаммен байланысқа шығып, тиімді бағам бойынша 100 мың рубль сатып алуға келісті. Әрі қарай, қарапайым нұсқаулыққа сүйене отырып, ол қажетті соманы белгісіз картаға теңгемен аударып, көрші мемлекетте тұратын қызының картасына жауап ретінде ақша түсуін күте бастады.

– Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін бірден ҚР ҚК-нің 190-бап 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қажетті жедел-тергеу және іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін анықталды. Ол Қашар кентінің тұрғыны болып шықты. Күдікті 390 мың теңгеден астам соманы иемденіп алған, – деді аға тергеуші Евгений Обертынский.

Қазіргі уақытта қылмысты жедел ашқаны үшін полицияға алғыс білдірген жәбірленушіге ақша қайтарылды.

Тергеу барысында әйел кірген чаттың өзінде алаяқтардың әрекеттері туралы бірнеше рет айтылғандығы анықталды. Бірақ жәбірленуші бұл ақпаратты ескермеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру