Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ұрлықтың бірнеше дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Алматы ауданы полиция басқармасының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қатарынан бірнеше ұрлық жасаған 26 жастағы қала тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы аумағында күдікті азаматқа қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Оның сәуір айында Алматы аудандық ПБ-ның полиция бөлімі аумағында екі рет ұрлық жасағаны анықталды. Олар қылмыстық істер бойынша Алматы аудандық сотына берілді. Сонымен қатар ол осы айда тағы екі рет құрылыс материалдарын ұрлау фактісін жасаған.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 500 мың теңгеден асқан.

Бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам өз кінәсін толық мойындады. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен дәлелденіп, заттай құндылықтар тәркіленді. Сонымен бірге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елорданың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтар Астана қаласының полиция департаментіне Бейбітшілік 19 мекенжайы бойынша немесе 8(7172)71-60-69, 71-61-48 телефон нөмірлері арқылы немесе «102» арнасы арқылы хабарласуларын сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру