Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада заңсыз екі ойынхана бизнесі тоқтатылды

Қызылордада заңсыз екі ойынхана бизнесі тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілдеде Қызылорда облысы полиция департаментінің ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласының орталығында жасырын түрде заңсыз құмар ойындарын ойнататын екі ойынхана анықталды.

Ұйымдастырушылар бұл мақсатта екі пәтерді жалға алған. Полицейлер 400 мың теңгеден астам ақша және 15 компьютер тәркілеп алды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Қылмысқа күдікті Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, олардың басқа да сыбайластары анықталып жатыр. Жоғарыда көрсетілген бапта кінәлі тұлғалардың мүлкін тәркілеу, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру