Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүк пойыздарымен «серуендемек» болған Германия және Нидерланды азаматтары жауапқа тартылды

Жүк пойыздарымен «серуендемек» болған Германия және Нидерланды азаматтары жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС қызметкерлерінен жүк пойызы вагондарының бірінде бөгде адамдардың бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында көлік полицейлері 24 жастағы Нидерланды азаматы мен 25 жастағы Германия азаматын анықтады. Олар жүк пойызына қызық көріп, көңіл көтеру үшін мініп жүрген. Сондай-ақ маусым айының соңында аталған шетел азаматтарының елімізге туристік сапармен келгені анықталды.

Құқық бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі (Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Көлік полицейлері вагондардың тепкiшектерiнде, төбесінде және адамдардың жүруіне бейімделмеген басқа да орындарда жол жүру қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратынын еске салады.

Теміржол – аса қауіпті аймақ! Сондықтан әрбір азамат темір жол көлігінде жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру