Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда телефон ұрлап, мобильдік қосымша арқылы ақша шешіп алған күдікті құрықталды

Қарағандыда бойжеткен қоғамдық көлікте телефон ұрлап, мобильдік қосымша арқылы жәбірленушінің ақшасын шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші тәртіп сақшыларына белгісіз біреу қоғамдық көлікте қалтасынан телефонын ұрлап алып, телефондағы мобильдік қосымша арқылы есеп шотынан 138 мың теңге ақша шешіп алғанын хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 208 мың теңгені құрады.

Кримианалдық полиция қызметкерлері қылмысты ашу бойынша жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру