Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Павлодар облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

– Операцияның негізгі міндеті – есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет ережелерін және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға қойылатын талаптардың бұзылу деректерін анықтау. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері өз қызметінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдарды тексерді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев хабарлайды.

Осылайша, аталған іс-шараны өткізудің бес күнінде өңірде полицейлер бақылаудағы заттар айналымы саласында 20 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың 18-і дәріханаларда дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатумен, екеуі техникалық нығайту талаптарын бұзумен байланысты. Полицейлер есірткі және психотроптық заттар айналымы саласында жұмыс істейтін 51 фармацевтикалық және медициналық қызмет субъектісін тексерді. Олар: 48 дәріхана, төрт қойма, бес емдеу-профилактикалық мекеме және төрт өнеркәсіптік кәсіпорын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру