Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бостандыққа шыққан сотталғандар үшін «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы ұйымдастырылды

Ақтөбеде бостандыққа шыққан сотталғандар үшін «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесінде жазасын өтеп, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылып, бостандыққа шыққан сотталған азаматтар үшін «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы қатысып, сотталғандармен кездескен Ақтөбе қаласының мансап орталығы филиалының маманы Дарига Қасымова мемлекеттік қолдаулар және әлеуметтік көмек түрлерін түсіндірді.

Іс-шарада шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған сотталғандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, қайтарымсыз гранттар, жастарға шағын несие беру және басқа да мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар жұмысқа орналасуға және кәсіптік оқуларға жолдамалар алу үшін тұрғылықты жеріндегі Мансап орталығы филиалына жолығуға болатындығы түсіндірілді.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін атап өткен Мансап орталығының маманы сондай- ақ, «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді жеңілдетілген кәсіби оқулар туралы, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, табысы төмен отбасыларға берілетін бір реттік және ай сайынғы берілетін ақшалай әлеуметтік көмек түрлерімен де толық таныстырып, сотталғандарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ аталған әлеуметтік жоба Ақтөбедегі №70 мекемесінің шаруашылық жасағында жазасын өтеп, бас бостандығынан айыру мерзімінің аяқталуымен босатылған сотталған үшін де ұйымдастырылды.

Түзеу мекемесінен босаған сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бағытында ұйымдастырылған аталған іс-шарада Ақтөбе қаласының Жұмыспен қамту орталығының маманы Аңсар Жомарт мекемеден босатылатын сотталғандарға «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба мемлекеттік бағдарламасын», атап айтқанда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік оқыту, мемлекеттік гранттар кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдемдесу, сонымен қатар әлеуметтік ақшалай көмек түрлері туралы толық түсіндірді.

Ал шара біткен соң мекеме әкімшілігі және шараға қатысушылар жазасын өтеп шыққан сотталғанды мекемеден босатып, қақпа алдында күтіп тұрған туыстарымен қауыштырды.

– «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының мақсаты – қылмыстық жазасын өтеп шыққан азаматтарды әлеуметтік сүйемелдеу, оларға қолдау көрсетіп, қоғамның толық мүшесі болуына ықпал ету, – дейді №70 мекемесінің арнайы контингент арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы Айгерім Досмағамбетова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру