Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны колонияда жазасын өтеп жатқан жолдасына телефон жеткізбек болған

Павлодар облысының тұрғыны колонияда жазасын өтеп жатқан жолдасына телефон жеткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК №45 (орташа қауіпсіздік) мекемесінің тексеру тобы Павлодар облысының 29 жастағы тұрғынын тексеру кезінде телефон тауып, тәркіледі.

– Азаматша бұрын сотталған және қазіргі уақытта ұрлық үшін жазасын өтеп жатқан жұбайымен кездесуге келген еді. Мұқият тексеру кезінде сөмкесінің төменгі қалтасынан телефон, телефонға арналған қуаттағыш және флэш-карта табылды. Көптеген ескертуге қарамастан, келушілер тыйым салынған заттарды түзеу мекемелеріне жасырын түрде алып кіруге тырысады, – деді мекеме бастығы Қуаныш Қойчубаев.

Айта кетейік, азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешімді қабылдау үшін материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру