Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Павлодар облысында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеден бастап Успен ауданының учаскелік полиция бөлімі Павлодар облысы бойынша ҚАЖД Успен ауданының пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның барысында тұрғылықты жері бойынша және жұмыс орны бойынша, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеру жүзеге асырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты-аталған адамдардың құқық бұзушылықтарға, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ олардың алдын алу.

– Мәселен, 26 шілде сағат 19:40-та учаскелік полиция инспекторы ауылды патрульдеу кезінде Успен ауданының ауылдарының бірінің 51 жастағы тұрғынының қоғамдық орында алкогольдік мас күйінде болу фактісін анықтады, ол сол арқылы ауыл тұрғындарына қолайсыздық туғызды. Айта кету керек, биылғы жылы ер адам осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Оның қаулысымен құқық бұзушыға бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – деді Успен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.

Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік сот жүктеген міндеттерді орындау туралы қосымша түсіндірілді. Успен ауданының пробация қызметі тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек алу құқығы түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру