Өгей шешесіне қол көтерген жетісулық тұрғын жауапқа тартылмақ
Үштөбенің 48 жастағы тұрғыны өзінің өгей анасын ұрды деген күдікке ілініп, қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
66 жастағы қарт әйелдің денсаулығына зиян келтіргені медициналық сараптамалар бойынша расталды.
Күдікті азаматқа ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық салада 1000-ға жуық құқық бұзушылық тіркелген. 1 шілдеден бастап заңнамаға енгізілген өзгертулерді ескере отырып, полиция қызметкерлері отбасылық жанжал бойынша деректерді анықтай отырып, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтті.