Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда өзгенің көлігін заңсыз иемденген екі азамат ұсталды

Жетісуда өзгенің көлігін заңсыз иемденген екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші деректе Талдықорғандық полицейлер бөтеннің көлігін айдап кеткені үшін көктемнен бері іздеуде жүрген 21 жастағы азаматты Шығыс Қазақстан облысында ұстады. Осы жылдың сәуір айында автокөлік жуу орнында жұмыс істеп жүрген жас жігіт өз клиентінен Toyota Venza автокөлігін айдап кеткен. Бір тәулік ішінде жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер Талдықорғаннан 150-160 шақырым қашықтықта, Сарқан ауданында тастап кеткен көлікті іздеп тапты.

Күдікті Өскемен қаласында қамауға алынды. Қазір қылмыс жасалған орны бойынша Талдықорғанға айдауылдау мәселесі шешіліп жатыр.

Екінші дерек Үштөбе қаласында тіркелді. Онда полицейлер жергілікті колледждің 18 жастағы білім алушысын ұстады. Жас жігіт көршісінің ВАЗ-2107 автокөлігін айдап кеткен. Ол онымен дұрыс араласпаған, тіпті танымайтын болып шықты. Қаладан шыққан сәтте патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстады. Жас жігіт көлікті тек қыдырып келу үшін айдап кеткенін ақталып айтты. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Жыл басынан бері облыста автокөлікті рұқсатсыз айдап кетудің 20 дерегі тіркелді. Полицейлердің күшімен 17 автокөлік ұрылары ұсталып, жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру