Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҰҚШҰ шеңберінде есірткіге қарсы арнайы операцияны дайындау туралы

Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қамқорлығымен “Канал-Перехват” есірткіге қарсы операциясын өткізу жөніндегі ұйымдастыру кеңесі аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Канал-Перехват” операциясы 2023 жылғы қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдардың қатысуымен жүргізілетін болады. Қатысушы елдердің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі меніс-қимылын үйлестіруді Алматы қаласында ОАӨАОО – Орталық Азия өңірлік есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығының алаңында орналасқан халықаралық үйлестіру штабы жүзеге асыратын болады.

Бақылаушылар ретінде Үндістан, Иран, Қытай, Моңғолия, Сирия, Түрікменстан, Өзбекстан құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар – қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ, БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі өңірлік басқармасы, ШЫҰ-ның терроризмге қарсы өңірлік құрылымы, ТМД кеден қызметтерінің құқық қорғау бөліністері басшыларының комитеті қатысуды жоспарлап отыр.

Операцияның негізгі міндеттері – жаңа психоактивті заттар айналымының жолын кесу, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында Ауғанстан мен Ираннан Ауған опиаттарының контрабандалық арналарын жою, трансұлттық есірткі топтарының қызметінің жолын кесу, есірткі табыстарын заңдастыру, заңсыз айналымнан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды алу болып айқындалды.

Кездесуде, сондай-ақ 2023 жылы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағындағы есірткі ахуалының өзгеруінің соңғы үрдістері, оның осы жылдың екінші жартыжылдығындағы даму болжамдары талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру