Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының тұрғындарынан екі киіктің өлі денесі мен аңшы мылтығы тәркіленді

Ұлытау облысының тұрғындары мінген көліктен полицейлер екі киіктің өлі денесі мен аңшы мылтығын және 106 оқ тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айында Ұлытау ауданының ПБ қызметкерлері “Охотзоопром” қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтік іс-шара барысында “Ұлытау-Сарлык” ауылының трассасында Toyota 4Runner автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында екі киіктің өлі денесі мен тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 106 оқ, үш пышақ тәркіленді.

Автокөлікте Сәтбаев қаласының 36 және 52 жастағы тұрғындары болған.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері заңсыз аң аулау үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігі қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру