Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер саяжайда болған ұрлық қылмысының бетін ашты

Қарағандылық полицейлер саяжайда болған ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаздың аптап ыстығында 40 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны өзіне тиесілі саяжайда жұмыс істеген. Күн ұзаққа тынбай еңбектенген қала тұрғыны кешкілік уақытта темекі шекпекші болған. Алайда ол темекісін таппаған. Кейін қол сөмкесін қараған уақытта телефонының құлаққабы және 170 мың теңге ақшасының жоғын байқаған.

Жәбірленушінің арызы бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес, Теміртау қалалық ПБ Ескіқалалық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары куәгерлердің айтуымен күдікті бойынша ақпарат алды.

Жедел әрекеттер барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру